04.12.2025 16:17
Жеребе қашан? Өзбекстанға кімдер түсуі мүмкін? Турнир күнтізбесі
04.12.2025 16:17
Өзбекстан өз тарихында алғаш рет Әлем чемпионатына ойнайды. Енді ықтимал қарсыластары мен маңызды күндер туралы айтайық

Жұма, 5 желтоқсан күні 2026 жылғы Әлем чемпионаты топтық кезеңінің жеребесі тартылады. Турнир АҚШ, Мексика және Канадада өтіп, оған тарихта алғаш рет 48 құрама қатысады.
Жеребенің бірінші қоржынына турнир қожайындары мен FIFA рейтингтіндегі үздік тоғыз құрама жайғасты. Олар: Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия және Германия.
Екінші қоржында Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Аустрия және Аустралия болады.
Үшінші қоржында Норвегия, Панама, Египет, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д'Ивуар, Өзбекстан, Қатар, Сауд Арабиясы және Оңтүстік Африка бар.
Ал төртінші қоржындағы құрамалар мынадай: Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити және Жаңа Зеландия. Төртінші қоржындағы бос тұрған жолдамалар наурыз айында ойнатылады. Ол Еуропа мен құрлықаралық плей-оффта үздік атанған алты құрамаға бұйырады.

Жеребе нәтижесінде 48 құрама төрт-төрттен 12 топқа бөлінеді. Әр топта бір құрлықтан бір команда болады. Тек UEFA құрамалары үшін бір топта екі командаға рұқсат етіледі. Бұл ережеге сәйкес, Өзбекстан Азия конфедерациясына кіргендіктен, басқа да Азия құрамаларымен бір топқа түсе алмайды. Сондай-ақ «ақ-бөрілер» өзімен бір қоржындағы құрамалармен ойнамайды.
Топтық кезең 11 маусым күні басталып, 27-не дейін жалғасады. Бұл раундта әр құрама үш матчтан өткізеді. Ал 28 маусымда плей-офф кезеңі басталады.
1-тур: 11-17 маусым
2-тур: 18-23 маусым
3-тур: 24-27 маусым
1/16 финал: 28 маусым – 3 шілде
1/8 финал: 4-7 шілде
Ширек финал: 9-11 шілде
Жартылай финал: 14-15 шілде
Үшінші орын үшін матч: 18 шілде
Финал: 19 шілде.
Нақты матчтардың күнтізбесі сенбі, 6 желтоқсанда жарияланады.

1/8 финалға әр топтан үздік екі құрама шығады. Ал үшінші орын алғандардың арасынан сегіз мықтысы 1/16 финалда ойнайды. Қалғандары үшін мундиаль ерте аяқталады.
Жеребе тарту рәсімі ертең, 8 желтоқсан АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталатын жеребе тарту рәсімін Qazaqstan Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.