04.12.2025 11:09
«Арсеналдың» тағы бір ойыншысы жарақат алды
04.12.2025 11:09
«Арсенал» қорғаушысы Кристиан Москера «Брентфордке» (2:0) қарсы ойында жарақат алды

21 жастағы испанның жағдайы туралы бас бапкер Микель Артета пікір білдірді.
– «Алдымен біз Габриэль мен Салибадан айырылдық. Енді Москера. Оның тізесі не тобығы зақымдалған. Жарақаттың қаншалықты ауыр екені әлі бізге белгісіз. Бірақ, Москера матчты жалғастыра алмайтын күйде болды»,– деді Артета.
Осылайша Москера жарақат алған Кай Хаверц, Деклан Райс, Габриэль, Уильям Салиба және Леандро Троссардың қатарына қосылды.
14 ойыннан кейін 33 ұпай жинаған «зеңбірекшілер» Ағылшын Премьер-лигасында көш бастап тұр. Келесі турда команда 6 желтоқсан күні «Астон Виллаға» қонаққа барады.