04.12.2025 09:12

ПСЖ ойыншысы жарақат алды

04.12.2025 09:12

ПСЖ қақпашысы Люка Шевалье жарақат алды

RMC Sport хабарлауынша, 24 жастағы француз голкипері «Монакоға» (0:1) қарсы ойында тобығын зақымдап алып, ол ісіп кеткен. Осыған байланысты кеше топтық жаттығуға қатыспаған екен. Қазір Шевальенің алдағы матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр. Сондықтан Матвей Сафонов осы маусымдағы алғашқы матчына шығып қалуы бек мүмкін.

Париждің клубы келесі матчын Франция Бірінші лигасының 15-туры аясында «Реннге» қарсы өз алаңында өткізеді. Кездесу 6 желтоқсан сағат 01:05-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram