04.12.2025 07:58

Кейн 30-голын соқты

04.12.2025 07:58

Кейн осы маусымдағы 30-голын соқты

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн Германия кубогының 1/8 финалындағы сырт алаңдағы «Унионға» қарсы матчта гол соқты.

32 жастағы ағылшын ойыншысы матчтың 24-минутында өз командасын 2:1 есебімен алға шығарды.

Бұл шабуылшының ағымдағы маусымдағы 26 матчтағы 30-голы. Оның 25-ін «Бавария» сапында, ал тағы 5 голын Англия құрамасында соққан.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram