04.12.2025 06:51
Артета матчтан кейін пікір білдірді
04.12.2025 06:51
Микель Артета: «Команда ойыншыларымен мақтанамын»

«Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета АПЛ-дың 14-туры аясындағы «Брентфордқа» (2:0) қарсы өз алаңындағы жеңіс жөнінде пікір білдірді.
«Мұндай ойындар әрқашан қолайсыз болады, себебі «Брентфордтың» бір ғана дәл соққысы хаос пен тәуекелге толы жағдай туғызуы мүмкін еді. Жалпы, мен өте қуаныштымын. Үш күннен кейін, толық қалпына келмей ойнап, тағы да жеңіске жету… Мен ойыншылармен мақтанамын», - деді Артета.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні сырт алаңда «Астон Вилламен» бақ сынасады.