04.12.2025 03:15

«Ливерпуль» ұпай жоғалтты

04.12.2025 03:15

Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Сандерлендпен» ұпай бөлісті

«Эндфилд» стадионында өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Матчтың есебін Кемсдин Тальби ашса, Норди Мукиеленің автоголы таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша 22-ұпайы бар «Ливерпуль» клубы турнир кестесінде 8-орынға тұрақтады. Ал 23 ұпай еншілеген «Сандерленд» 6-орында.

Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні сырт алаңда «Лидспен» бақ сынасады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram