04.12.2025 02:40
«Арсенал» «Брентфордтан» басым түсті
04.12.2025 02:40
Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Арсенал» өз алаңында «Брентфордты» тізе бүктірді

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Матчтың есебін Микель Мерино ашса, нүктесін Букайо Сака қойды.
Осылайша 33-ұпайын еншілеген Лондонның клубы турнир кестесінде көш басындағы орнын нығайта түсті.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні түзде «Астон Вилламен» ойнайды.