04.12.2025 01:08
«Реал» сенімді жеңіске жетті
04.12.2025 01:08
Испания Ла Лигасының 19-турында «Реал» сырт алаңда «Атлетикті» ойсырата жеңді

Бильбаодағы «Сан-Мамес» стадионында өткен кездесуде 0:3 есебі тіркелді. Мадрид клубының сапында Килиан Мбаппе дубль жасаса, Эдуардо Камавинга бір гол соқты.
Осылайша 36-ұпайын еншілеген «бланкос» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Хаби Алонсо шәкірттері келесі турда 7 желтоқсан күні «Сельтаны» қабылдайды.