04.12.2025 00:26

«Наполи» Италия кубогының ширек финалына шықты

04.12.2025 00:26

Италия кубогының 1/8 финалында «Наполи» «Кальяриді» жарыс жолынан ығыстырды

Неапольда өткен матчтың негізгі уақытында 1:1 есебі тіркелді. «Наполи» ойыншысы Лоренцо Лукка есеп ашса, оған Себастьяно Эспозито жауап қайтарды. Ал пенальти сериясында алаң иелері 9:8 есебімен басым түсті.

Енді Антонио Контенің шәкірттері ширек финалда «Фиорентина» – «Комо» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, «Наполи» Италия А Сериясының 13 турынан кейін 28 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram