03.12.2025 22:27

Бундеслиганың үздік бапкері жұмыссыз қалды

03.12.2025 22:27

«Майнц» бас бапкері Бо Хенриксен қызметінен кетті

Қос тарап келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды. Енді команданы осыған дейін жастарды баптаған Бенджамин Хоффман уақытша тізгіндейді.

Бо Хенриксен «Майнцты» 2024 жылдың ақпан айынан бері жаттықтырып келді. Осы аралықта команда 27 рет жеңіске жетіп, 18 мәрте тең ойнап, 23 матчта қарсыласына жол берді. Бундеслиганың өткен маусымын «нөл-бестер» алтыншы орында аяқтап, қазір Конференция лигасында доп тебеді. Осы жетістігі үшін 50 жастағы дат маманы былтыр чемпионаттың үздік бапкері деп танылды.

Ал осы маусымда 12 турдан кейін бар-жоғы алты ұпай жинаған «Майнц» ішкі біріншілікте соңғы 18-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram