03.12.2025 20:24
«Ювентус» ойыншысы үшін 2025 жыл аяқталды
03.12.2025 20:24
«Ювентус» қорғаушысы Федерико Гатти ауыр жарақат алды

27 жастағы ойыншы Ел кубогының 1/8 финалындағы «Удинезеге» (2:0) қарсы ойында оң жақ тізесін зақымдап алған еді. Соның салдарынан бүгін медициналық тексерістен өтіп, нәтижесінде менискісінің жыртылып кеткені белгілі болды.
Осыған байланысты Италия құрамасының ойыншысына жақында ота жасалады. Болжам бойынша, Гатти қатарға биыл оралмайды.
Бұл оның мансабындағы 7-жарақаты болды. Осыған дейін 73 күні емделуге кетіп, 11 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда жалпы 14 матчқа қатысып, екі голдың авторы атанды.