03.12.2025 16:43

2025 жылдың «үздік ойыншысы» жүлдесіне үміткерлер

03.12.2025 16:43

2025 жылдың «үздік ойыншысы» атағынан дәмелі 15 футболшы белгілі болды

Бұл жүлдені Globe Soccer Awards табыстайды.

Дауыс берудің финалына Осман Дембеле, Дезире Дуэ, Ашраф Хакими, Хвича Кварацхелия, Нуну Мендеш, Витинья (бәрі – ПСЖ), Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор (екеуі де – «Реал»), Роберт Левандовски, Рафинья, Ламин Ямаль, Педри (бәрі – «Барселона»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Мұхамед Салах («Ливерпуль») және Коул Палмер («Челси») шықты.

Жеңімпаз 28 желтоқсан күні Дубайда өтетін марапаттау кешінде белгілі болады. Ал былтыр «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор үздік деп танылған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram