04.12.2025 06:38
Мбаппе тарихи нәтиже тіркеуге жақын
04.12.2025 06:38
Мбаппеге «Реал» сапында бір жылда гол саны бойынша Роналду рекордын жаңарту үшін 4 гол қалды

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе 19-тур аясында өткен Ла Лига матчында «Атлетик» қақпасына қос гол соқты (3:0). 26 жастағы француз 7-ші және 59-шы минуттарда гол соқты.
Осылайша оның 2025 жылы команда үшін соққан голдарының саны 55-ке жетті. Күнтізбелік жыл ішінде «Реал» ойыншысы ретінде ең көп гол соққан - Криштиану Роналду. Бұл рекордты жаңарту үшін Мбаппеге енді 4 гол керек. Бұл көрсеткішті Криш 2013 жылы орнатқан.
Жылдың соңына дейін «Реал» тағы 4 матч өткізеді. «Сельтаға», «Манчестер Ситиге», «Алавеске» және «Севильяға» қарсы.