04.12.2025 10:44

Викарио Италияға оралуға жақын

04.12.2025 10:44

«Тоттенхэм» қақпашысы Гульельмо Викарио мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Il Corriere dello Sport пен La Gazzetta dello Sport хабарлауынша, Италия құрамасының ойыншысына «Интер» қызығушылық танытуда. «Нерадзурри» келер жазда келісімшарты аяқталатын 36 жастағы Ян Зоммердің орнына голкипер іздеп жатыр.

Викарионың өзі де отанына оралуды қалап отыр екен. «Фулхэмге» (1:2) қарсы ойыннан кейін оны жанкүйелер табалап тастаған еді.

Айта кетейік, Викарио Лондонның клубына 2023 жылдың шілдесінде «Эмполидан» ауысып келді. Одан бөлек «Кальяри», «Венеция», «Удинезе» және «Перуджа» секілді Италияның клубтарында ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram