04.12.2025 09:46
Душан Влахович қашан оралады?
04.12.2025 09:46
«Ювентус» шабуылшысы Душан Влахович Италия А Сериясының 13-турындағы «Кальяриге» (2:1) қарсы ойында жарақат алды

Матчтан кейінгі медициналық тексерістен кейін серб футболшысының сол аяғының бұлшық еті айтарлықтай зақымдалғаны белгілі болды.
Душан енді Лондонға аттанып, ертең оған ота жасалады екен. 24 жастағы форвард кемі үш ай ойнай алмайды деп күтілуде.
Бұл Влаховичтің мансабындағы 16-жарақаты болды. Бұған дейін 268 күні емделуге кетіп, 36 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 17 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.