04.12.2025 14:55
ӘЧ-2026 жеребесі: қашан басталады, қайдан көреміз?
04.12.2025 14:55
Жұма, 5 желтоқсан күні 2026 жылғы Әлем чемпионаты топтық кезеңінің жеребесі тартылады

Салтанатты шара АҚШ астанасы Вашингтон қаласындағы Кеннеди атындағы өнер орталығында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталатын жеребе тарту рәсімін Qazaqstan Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын мундиальда тарихта алғаш рет 48 құрама сынға түспек.
Жаһан додасының матчтарын 16 қала қабылдайды. Атап айтсақ, ойындар Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк, Сан Франциско, Сиэтл, Филадельфия (бәрі – АҚШ), Гвадалахар, Мехико, Монтеррей (үшеуі де – Мексика), Торонто және Ванкуверде (екеуі де – Канада) өтеді. Ал финал Ист‑Ратерфорд қалашығында орналасқан «Метлайф» стадионында болады.