04.12.2025 12:45
Унаи Эмери рекорд орнатты
04.12.2025 12:45
Ағылшын Премьер-лигасының 14-турында «Астон Вилла» «Брайтонды» 4:3 есебімен жеңді

Осылайша Унаи Эмери «Астон Вилла» тізгінінде АПЛ-де ең көп жеңіске жеткен бапкер атанды. Қазір испан маманының еншісінде Англия чемпионатындағы 62 жеңіс бар.
Бұған дейінгі рекорд 61 мәрте жеңіс тойлаған Джон Грегори (1998-2002) мен Мартин О'ниллға (2006-2010) тиесілі болды.
Эмери Бирмингемнің клубын 2022 жылдың қараша айынан бері жаттықтырып келеді. Осы аралықта команда жалпы 88 рет жеңіске жетіп, 29 мәрте тең ойнап, 43 матчта қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, 14 турдан кейін 27 ұпай жинаған «арыстандар» турнир кестесінде үшінші орында келеді.