20.11.2025 17:45
ӘЧ-2026 құрлықаралық плей-оффының жеребесі тартылды
20.11.2025 17:45
ӘЧ-2026 құрлықаралық плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды

Бірінші жартылай финалда Жаңа Каледония Ямайкамен күш сынасады. Қай жеңгені ақтық матчта Конго ДР құрамасымен жолдаманы сарапқа салады.
Ал екінші жақта Боливия мен Суринама кім мықтыны анықтайды. Бұл жұптың жеңімпазы финалда Иракпен кездеседі.
Матчтар наурыз айының соңында Мексикада өтеді. Нәтижесінде мундиальға баратын екі құрама белгілі болады.
Айта кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында жоспарланған. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын жаһан додасында тарихта алғаш рет 48 құрама сынға түспек.