20.11.2025 16:29
«Барселона» нақты іске кірісті
20.11.2025 16:29
Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

«Барселона» трансфер нарығындағы ең басты мақсаттарының бірін жүзеге асыруға жақын. Каталон клубы «Атлетико» шабуылшысы Альваресті өз сапына қосу үшін келіссөздерді бастап кетті.
Қос тарап алғашқы келіссөздерді өткізіп қойған. Ал «Барса» басшылығы келісім келесі жылы сәтті аяқталады деп үміттенуде.
Ойыншының өзі де «Барселонаға» ауысуға қарсы емес. Бірақ мәміленің толық жүзеге асуына бірқатар фактор әсер етуі мүмкін. «Атлетиконың» қаржылық талаптары, ойыншының жалақысы және трансфердің жалпы құны. Бұл мәселелер өз шешімін тапса, Левандовскидің орнын басатын жаңа шабуылшы дайын деген сөз.