20.11.2025 15:29
ПСЖ сұмдық келісімге дайын
20.11.2025 15:29
ПСЖ Ламин Ямаль үшін рекорд орнатуға дайын

Париждің ПСЖ клубы трансферлік нарықта үлкен қадам жасауды көздеп отыр. Defensa Central ақпараттарына сәйкес, француз клубы 18 жасар футболшы Ламин Ямальді «Барселонадан» сатып алу үшін 230 миллион еуро көлемінде ұсыныс жасауға дайын.
Бұл трансфер футбол тарихындағы ең ірі мәмілелердің біріне айналатыны сөзсіз. Әрі жаңа әлемдік рекорд орнайды.
Әзірге «Барселона» басшылығы үнсіз. Ойыншының өзі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Неймардың күнін кешпесе игі.