20.11.2025 14:40
Тоуни Англиямен Әлем чемпионатына барғысы келеді
20.11.2025 14:40
«Әл-Ахли» шабуылшысы Айвен Тоуни Англия құрамасымен Әлем чемпионатына барғысы келеді

TEAMtalk хабарлауынша, 29 жастағы форвард бас бапкер Томас Тухельдің көзіне түсу үшін Еуропаға оралуды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда оған «Эвертон» мен «Тоттенхэм» қызығушылық танытуда.
Айта кетейік, Тоуни Саудияның клубына 2024 жылы «Брентфордтен» ауысып келген еді. Осы аралықта 59 ойында 41 гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді. Ал ұлттық құрама намысын жеті матчта қорғап, бір мәрте мергендік танытты.