20.11.2025 11:18
Сака «Арсеналда» қалады
20.11.2025 11:18
Букайо Сака «Арсеналда» қалатын болды

Фабрис Хокинстің хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2030 жылдың жазына дейін ұзартады. Жаңа құжатқа сәйкес, Саканың жалақысы да айтарлықтай өседі екен.
24 жастағы ағылшын вингері Лондон клубының намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта 277 ойында 76 гол соғып, 71 нәтижелі пас берді. Оның «Арсеналмен» қазіргі келісімшарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.