20.11.2025 10:39
Милан дербиінде ерекше жайт тіркелуі мүмкін
20.11.2025 10:39
23 қараша күні Италия А Сериясының 12-туры аясында «Интер» мен «Милан» кездеседі

Ал жексенбінің кешінде Миланда қар жауады деп күтілуде.
Бір қызығы, бұрын-соңды Милан дербиі кезінде күн райы бұлай құбылмапты.
Айта кетейік, турнир кестесінде «Интер» – бірінші, «Милан» – үшінші келеді. Джузеппе Меацца атындағы стадионда өтетін кездесу сағат 00:45-те басталады.