20.11.2025 09:57

Неймар көптен күткен голын соқты

20.11.2025 09:57

Бразилия А Сериясының 34-турында «Сантос» өз алаңында «Мирассолмен» (1:1) тең тарқасты

Алаң иелерінің жалғыз голын 4-минутта Неймар соқты. Бұл 33 жастағы шабуылшы үшін 107 күн күткен гол болды. Неймар осыған дейін соңғы рет 5 тамыз күні «Жувентуде» (3:1) қақпасына дубль рәсімдеген еді.

Неймар биыл 25 ойында жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ал 34 ойыннан кейін 37 ұпай жинаған «Сантос» турнир кестесінде 16-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram