20.11.2025 09:04

Хакими Африканың үздік ойыншысы атанды

20.11.2025 09:04

Марокко құрамасы мен ПСЖ қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың 2025 жылдағы үздік ойыншысы атанды

Ол дауыс беру нәтижесінде Мұхамед Салах («Ливерпуль», Египет) пен Виктор Осимхенді («Галатасарай», Нигерия) артта қалдырды.

Сондай-ақ «үздік қақпашы» жүлдесін Марокко мен «Әл-Хиләл» ойыншысы Яссин Буну жеңіп алды.

Хакими өткен маусымда ПСЖ-мен тарихи требл жасап, Франция Суперкубогында топ жарды. 27 жастағы футболшы 55 матчта 11 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram