20.11.2025 01:17

Англиядан келер қауіп көп

20.11.2025 01:17

Харри Кейн: «Англия – 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фавориті. Мұны мойындау керек»

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн, ӘЧ-2026 бәсекесінде қарсыластарына біраз қиындық келтіретінін жеткізді.

«Албанияға қарсы ойын қиын болды. Бірақ біз өз жұмысымызды дұрыс орындап, тағы да гол жіберген жоқпыз. Біз керемет іріктеу турнирін өткіздік. Менің есімде қалған ең үздік іріктеу. Англия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатына фаворит ретінде барады. Бұл фактіні біз психологиялық тұрғыда қабылдауымыз керек», - деді Кейн.

Англия құрамасы іріктеу кезеңіндегі барлық матчтарын жеңіп, сенімді түрде Әлем чемпионатына жолдама алды.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram