19.11.2025 22:08
Бапкер Лунинге сенім артады
19.11.2025 22:08
Хаби Алонсо: «Лунинге бір нәрсені түсіну қажет»

«Реал» клубының бапкері Хаби Алонсо қақпашы Андрей Лунинің жағдайы туралы өз пікірін білдірді.
«Лунинге бір нәрсені түсіну қажет. Ол әрдайым дайын болуы керек. Өйткені кез келген сәтте жарақат немесе басқа күтпеген жағдай болуы мүмкін», — деді Алонсо.
Бас бапкер оған сенім артатынын білдірді. Бұл маусымда Лунин әлі күнге дейін «Реал» үшін де, Украина құрамасы үшін де ойын тәжірибесін ала қойған жоқ.
Бұған дейін қақпашының «Реалдан» кетуі мүмкін деген ақпарат тараған еді. Оған «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» клубтары қызығушылық танытуда.