19.11.2025 21:42
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
19.11.2025 21:42
«Реал» қорғаушысы Эдер Милитао жарақат алды

27 жастағы ойыншы Бразилия құрамасында оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен екі апта командасына көмектесе алмайды.
Бұл оның мансабындағы 10-жарақаты болды. Осыған дейін 588 күні емделуге кетіп, 128 матчтан тыс қалған.
Милитао Ла Лиганың осы маусымында 10 ойынға қатысып, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.