19.11.2025 18:37
«Челси» сұмдық трансферге дайын
19.11.2025 18:37
«Челси» €300 млн жұмсауға дайын

«Челси» клубы жазда тарихи трансферлер жасау үшін дайындалып жатыр. Ағылшын клубы осы маусымның соңында екі негізгі трансферлік мәмілені көздеп отыр. Олардың әрқайсысы үшін €150 миллион төленуі мүмкін, бұл жалпы көлемі €300 миллион болатын сұмдық трансфер.
Алғашқы трансфер - «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Винисиус Жуниор.
Екінші трансфер - «Атлетико» клубынан Хулиан Альварес.
Әзірге ресми келіссөздер басталмады. Дегенмен клуб ойыншылардың өкілдерімен байланыс орнатып үлгерген.