19.11.2025 16:49

Антони «Бавариядан» бас тартты

19.11.2025 16:49

Антони «Бавариядан» «Бетис» үшін бас тартты

Антони «Бавария» клубынан бас тартып, «Бетисте» қалуды таңдағаны туралы айтып берді. Ойыншының айтуынша, оған «Баварияның» бас бапкері және клуб өкілдері жеке хабарласқан. Олар Антонидің ойынына үлкен құрметпен қараған және оны өз құрамында көргісі келген.

«Маған жеке Компани қоңырау шалды. Ол менің ойынымды әрқашан жақсы бағалағанын айтты. Бірақ мен сол кезде «Бетиске» сөз берген едім және оларды сатып кеткім келмейді», – деді ойыншы.

Антони 2024 жылдан бері «Бетистің» намысын қорғап келеді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram