19.11.2025 16:38
«Бавария» тағы бір ойыншыға көз тікті
19.11.2025 16:38
«Бавария» Марк Гехиге қызығушылық танытуда

Германияның «Бавария» клубы қаңтар айында Марк Гехиді өз құрамына қосуды жоспарлап отыр. Bild басылымының хабарлауынша, клуб пен ойыншының өкілдері арасындағы алғашқы байланыс жасалды.
«Бавария» трансферлік нарықта белсенді болып, Гехидің жағдайын мұқият бақылауда. Ойыншыға қызығушылық танытқан бірнеше клубтардың арасында неміс клубы бұл келісімді шұғыл түрде аяқтауды мақсат етуде.
Қазірдің өзінде «Бавария» мен Гехидің өкілдері арасындағы келіссөздер белсенді түрде жүргізілуде. Бұл трансфер алдағы аптада шешімін табуы мүмкін.