19.11.2025 16:30
Майну ат басын Италияға бұрды
19.11.2025 16:30
Кобби Майну «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін

Манчестер Юнайтедтің жартылай қорғаушысы Кобби Майнудың жақында командадан кетуі мүмкін екені туралы ақпарат тарады. 20 жастағы футболшының ағымдағы келісімшарты 2027 жылға дейін жарамды болса да, ол қаңтар айында клубтан кетуге шешім қабылдауы мүмкін. Ал «Наполи» жалға алуға дайын.
Бұған дейін Манчестер Юнайтед пен Майнудың арасындағы келіссөздер тоқтатылған еді. Себебі, футболшы қазіргі уақытта алаңдағы тәжірибесін арттыруды көздеп, жаңа мүмкіндіктерді қарастыруда.
Ойыншыға қатысты шешімдер алдағы аптада қабылданады деп күтілуде.