19.11.2025 16:19
Чемпиондар лигасы «Камп Ноуға» оралады
19.11.2025 16:19
Чемпиондар лигасында «Барселона» төл стадионы «Камп Ноуға» оралатынын хабарлады

«Блауграна» 6-турдағы «Айнтрахтқа» қарсы ойынды су жаңа аренада өткізеді. Кездесу 9 желтоқсанға жоспарланған.
Осыған дейін «Барселонаның» Ла Лигада «Атлетикті» де осында қабылдайтыны белгілі болған еді.
Қос матчты 45 401 жанкүйер трибунадан тамашалай алады. Клуб сыйымдылықты арттыру үшін жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, кешеннің құрылысы 2023 жылы басталған еді. Каталонияның ұжымы «Камп Ноудағы» соңғы матчын сол жылдың 23 мамырында «Мальоркаға» (3:0) қарсы өткізген. Содан бері клуб «Олимпик Льюис Компанис» пен «Эстади Йохан Кройфф» стадиондарын паналап жүрді.