19.11.2025 17:46
Погба ұзақ үзілістен кейін оралады
19.11.2025 17:46
Поль Погба араға екі жыл салып, алаңға оралады

L'Equipe мәліметінше, 32 жастағы жартылай қорғаушы «Монакодағы» дебютін 22 қараша күні Бірінші лиганың 13-турында өтетін «Реннге» қарсы ойында жасауы мүмкін.
Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы 2024 жылдың ақпан айында допинг қолданғаны үшін футболдан төрт жылға шеттетілген еді. Кейін бұл жаза 18 айға дейін қысқартылды.
Осылайша 2023 жылдың қыркүйек айынан бері алғаш рет матчқа қатысуы мүмкін.
Айта кетейік, 12 ойыннан кейін 20 ұпай жинаған монегаскілер ішкі біріншілікте алтыншы орында келеді.