19.11.2025 18:13

Әлем чемпионатының басты фавориттері аталды

19.11.2025 18:13

Goal порталы 2026 жылғы Әлем чемпионатының басты фавориттерін атады

Рейтингтің көшін құрамы жағынан ең қымбат Англия бастап тұр. Екінші сатыға Әлем чемпионы Аргентина жайғасса, үштікті Еуропа чемпионы Испания түйіндеген.

Сондай-ақ үздік ондыққа Франция (4), Португалия (5), Нидерланд (6), Германия (7), Норвегия (8), Марокко (9) және Жапония (10) кірді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді. АҚШ, Канада һәм Мексикада болатын мундиальда тарихта алғаш рет 48 құрама сынға түспек.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram