19.11.2025 22:25
FIFA рейтингісі жаңарды
19.11.2025 22:25
FIFA ұлттық құрамалар арасындағы рейтингті жаңартты

Нәтижесінде Қазақстан 115-сатыдағы орнын сақтап қалды. Ел құрамасының еншісінде 1173 ұпай бар.
Аталған рейтингінің үздік үштігі де сол қалпында қалды. Ал Италия топ-10 қатарынан шығып қалды.
FIFA нұсқасы бойынша әлемнің үздік 10 футбол құрамасы:
Испания — 1877.18 ұпай
Аргентина — 1873.3
Франция — 1870
Англия — 1834.12
Бразилия — 1760.46
Португалия — 1760.38
Нидерланд — 1756.27
Бельгия — 1730.71
Германия — 1724.15
Хорватия — 1716.88.
Еске салайық, Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Бельгиямен (1:1) тең түсіп, жолдастық матчта Фарер аралдарына (0:1) жол берді.