20.11.2025 09:32
«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты
20.11.2025 09:32
«Арсенал» қорғаушысы Габриэл жарақат алды

27 жастағы ойыншы Бразилия құрамасында оң аяғының санын зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен 1-2 ай ойнамайды.
Бұл оның мансабындағы 7-жарақаты болды. Бұған дейін 249 күні емделуге кетіп, 31 матчтан тыс қалған.
Габриэл осы маусымда 17 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.