20.11.2025 11:57
Винисиус АПЛ-ге ауысуы мүмкін
20.11.2025 11:57
«Реал» вингері Винисиус Жуниор мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, 25 жастағы Бразилия ойыншысына «Ливерпуль» қызығушылық танытып отыр.
Мерсисайдтың клубы Винисиус үшін 100 миллион еуро ұсынуға дайын екен.
Винисиус осы маусымда 16 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.