20.11.2025 15:21

Сорлот жаңа клуб іздеуде

20.11.2025 15:21

Александр Сорлот «Атлетикодан» кетуді жоспарлап отыр

«Атлетико» клубының шабуылшысы Александр Сорлот қысқы трансферлік терезеде клубтан кетуге шешім қабылдады. Шабуылшы 2026 жылғы әлем чемпионатына толық дайындық үшін тұрақты негізгі құрамда ойнауды қалайды. Ол жаңа командада өзінің ең жақсы деңгейін көрсетуді мақсат етіп отыр.

«Атлетико» сапында тұрақты ойын уақытын алмаған Сорлот жаңа клуб іздеуге мәжбүр болды. Егер «матрасшылар» ойыншының шешімін қабылдаса оп-оңай қыста кетуіне болады. Себебі футболшының келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін деп бекітілген.

Сорлот 2024 жылы «Вильярреал» сапынан «Атлетико» командасына ауысқан еді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram