24.09.2025 18:29

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағы бір үміткер қосылды

24.09.2025 18:29

Серый Cardinal телеграм-арнасының хабарлауынша, ҚФФ басшылығы үміткерлерді іріктеп жатыр.

Инсайдер жазбасында, кеше (23 қыркүйек) танымал блогер Елдар Аманбаевтың ҚФФ басшылығының Фабио Каннавароға қызығушылық танытқанын көрсеткен. Алайда оның қызметі федерация үшін тым қымбатқа түседі. Тізімде мәскеулік "Спартакты" баптаған Массимо Каррера да бар деседі. Федерация тарапынан әзірге есімі белгісіз поляк маманы мен тағы бір еуропалық бапкерге сұраныс бар. Қызығы, экс-бапкер Әли Әлиев құрама футболшылары туралы деректі жинақтап, құрылымда ұсақ-түйек жұмыс істеп жүр.

Құрама тізгінін ұстату үшін жергілікті бапкерлерді қарастырып көргенін де білеміз. Смақов, Бабаян, Карпович, Нұрдәулетов, Жұмасқалиев фамилиясы аталды. Алайда олар мұндай күрделі кезеңде құрамаға бас болуға жүрексінетіні анық.

"Қайсар" клубының бұрынғы директоры Садық Мұстафаевтың Виктор Құмықов кандидатурасын ұсынғанын айтылды. Түрлі есім аталғанымен, жақын арада жаңа бапкердің аты-жөні жариялатыны анық. Өйткені алда жауапты үш кездесу күтіп тұр. Ұлттық құрама 10 қазан күні Лихтенштейнге қарсы ойнап, 13 қазанда Солтүстік Македония жерінде матч өткізеді. 15 қараша күні Бельгия құрамасы Қазақстанға ат басын бұрады. Жалпы, біздің жігіттер J тобында 3 ұпаймен төртінші орында тұр.

J тобының турнир кестесі

Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 ойын)

Бельгия – 10 ұпай (4 ойын)

Уэльс – 10 ұпай (5 ойын)

Қазақстан – 3 ұпай (5 ойын)

Лихтенштейн – 0 ұпай (5 ойын)

Айзат Айдарқызы

Айзат Айдарқызы

InstagramInstagram