28.04.2026 18:35

Стоунз «Манчестер Ситиден» кетеді

28.04.2026 18:35

«Манчестер Сити» қорғаушысы Джон Стоунз клубтан кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды. Ол маусым соңына дейін командасына көмектесіп, жазда кету туралы шешім қабылдады.

31 жастағы англиялық ойыншы «қалалықтардың» намысын 2016 жылдан бері қорғап келді. Осы аралықта 293 матчта 19 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді және 19 трофейді төбесіне көтерді.

Осыған дейін Бернарду Силваның да жазда клубпен қош айтысатыны белгілі болған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram