28.04.2026 13:02
«Арсенал» ойыншысы «Атлетикомен» келіссөз жүргізіп жатыр
28.04.2026 13:02
«Арсенал» қорғаушысы Кристиан Москера жазда клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 21 жастағы испаниялық ойыншы «Атлетикомен» келіссөз жүргізіп жатыр. Одан бөлек оған «Бенфика», «Наполи» және «Эвертон» көз тігіп отыр екен. Ал «зеңбірекшілер» ойыншысын 50 миллион еуроның айналасында бағалайды.
Лондонның клубы Москераны өткен жазда «Валенсиядан» 15 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 29 матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды, сондай-ақ тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.