28.04.2026 12:05

Осимхен «Арсеналға» ауысуы мүмкін

28.04.2026 12:05

«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен «Арсеналға» ауысуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, «зеңбірекшілер» оны жазда қатарға қосуды жоспарлап отыр. Лондон клубының спорт директоры Андреа Берта алдын-ала келіссөз жүргізу үшін Түркияға келіпті. Ол тіпті Суперлиганың 31-турындағы «Галатасарай» – «Фенербахче» (3:0) матчын стадионға барып тамашалаған.

Осыған дейін оған «Реал» мен «Барселонаның» қызығушылық танытып отырғанын жазған едік. Сондай-ақ бұл қатарға «Бавария» да қосылыпты.

Ыстамбұлдың клубы 27 жастағы нигериялық форвардты өткен жазда «Наполиден» 75 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 31 матчта 20 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram