28.04.2026 09:39
Модричке ота жасалды
28.04.2026 09:39
«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модричтің жағдайы белгілі болды

40 жастағы хорватиялық ойыншы Италия А Сериясының 34-турындағы «Ювентуске» (0:0) қарсы матчта сол жақ бет сүйегін сындырып алған еді.
Осыған байланысты оған ота жасалды. Салдарынан маусымның қалған ойындарына қатыспайды. Бірақ Әлем чемпионатына дайын болады.
Модрич «Милан» сапына өткен жазда «Реалдан» еркін агент ретінде ауысып келген. Ол осы маусымда 36 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді