28.04.2026 08:34
Бруну Фернандеш Роналдумен теңесті
28.04.2026 08:34
Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Брентфордты» 2:1 есебімен тізе бүктірді

Бұл матчта Бруну Фернандеш 43-минутта соғылған екінші голдың авторы Беньямин Шешкоға нәтижелі пас берді.
Осылайша ол АПЛ-дегі «гол+пас» жүйесі бойынша Криштиану Роналдумен теңесті. Фернандеш 70 гол соғып, 70 нәтижелі пас берген. Ал Роналдудың еншісінде 103 гол мен 37 ассист бар.
31 жастағы португалиялық ойыншы манкуниандықтардың сапына 2020 жылы «Спортингтен» 65 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта сегіз гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.