27.04.2026 19:33
Модрич үшін маусым аяқталды
27.04.2026 19:33
«Милан» жартылай қорғаушысы Лука Модрич қатардан шықты

40 жастағы хорватиялық ойыншы Италия А Сериясының 34-турындағы «Ювентуске» қарсы матчта (0:0) Мануэль Локателлимен соқтығысып қалған еді. Медициналық тексерістен кейін оның бет сүйегі екі жерден сынып кеткені анықталды.
Осыған байланысты ол маусымның қалған ойындарына қатыспайды. Бірақ Әлем чемпионатына дайын болады екен.
Модрич «Милан» сапына өткен жазда «Реалдан» еркін агент ретінде ауысып келген. Ол осы маусымда 36 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.