27.04.2026 14:36
Конте «Челсиге» оралуы мүмкін
27.04.2026 14:36
«Наполи» бас бапкері Антонио Конте «Челсиге» оралуы мүмкін

Express хабарлауынша, ол Лондон клубын тізгіндеуге үміткер мамандардың қатарына кіреді. Одан бөлек бұл тізімде Хави, Андони Ираола, Сеск Фабрегас және Марко Силва бар.
56 жастағы италиялық маман «көктерді» 2016-2018 жылдары жаттықтырған еді. Оның тұсында команда Англия чемпионы (2016/17) атанып, Ел кубогын (2017/18) жеңіп алған.
Осыған дейін «ақсүйектер» Лиам Росеньорды қызметінен алып тастап, орнына маусым соңына дейін Каллум Макфарлэйнді тағайындаған еді. 34 турдан кейін 48 ұпай жинаған «Челси» Ағылшын Премьер-лигасында сегізінші орында келеді.