27.04.2026 11:55
«Барселона» Альваресті алу үшін барын салады
27.04.2026 11:55
«Атлетико» шабуылшысы Хулиан Альварес «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, Каталония клубы қаржылық қиындыққа қарамастан оны жазда қатарына қосу үшін барын салмақ. Бірақ келіссөз ойдағыдай жүріп жатқан жоқ екен, қос тараптың сөзі жараспай тұр. «Атлетико» басты жұлдызын 120 миллион еуродан кем сомаға сатпайды екен.
26 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 47 матчта 19 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.