27.04.2026 09:37
Мбаппе маусым соңына дейін ойнамауы мүмкін
27.04.2026 09:37
«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің жағдайы белгілі болды

Ол осыған дейін «Бетиске» (1:1) қарсы матч кезінде сол аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.
El Chiringuito хабарлауынша, оның бұл жарақаты әлдеқайда ауыр болып шықты. Соның салдарынан Килиан маусымның қалған матчтарына қатыспауы мүмкін. Нақтысы бүгінге жоспарланған медициналық тексерістен кейін анықталады.
27 жастағы француз форварды осы маусымда 41 матчта 41 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.