27.04.2026 09:21
Ройс MLS-те дубль жасады
27.04.2026 09:21
АҚШ-тың MLS чемпионатының 10-ойынында «Лос-Анджелес Гэлакси» өз алаңында «Реал Солт-Лейкті» 2:1 есебімен тізе бүктірді

Алаң иелерінің сапында Марко Ройс дубль жасады. Ол 9-минутта есеп ашса, 85-минутта пенальтиден гол соқты.
36 жастағы неміс ойыншысы бұл клубқа 2024 жылдың жазында Дортмунд «Боруссиясынан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 14 матчта үш гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Еншісінде 12 ұпайы бар «Лос-Анджелес Гэлакси» Батыс Конференциясында 10-орында келеді. Келесі ойынын команда 3 мамыр күні «Ванкуверге» қарсы өткізеді.